Sports.kz боксшылардың мүмкіндіктері жайлы белгілі ресейлік сарапшы Григорий Стангриттен сұрады.
- Қанат Ислам жақын арада Патрик Аллотеймен кездесу өткізеді. Мүмкіндікті бағалаңыз және Сіз Қанаттың қарсыласы туралы не білесіз?
- Патрик Аллотей - маған аса таныс емес боксшы, алайда оның маған таныс Патрик Тейшейр мен Чарльз Маньючиден жеңілгеніне қарағанда, ол Ислам үшін проблема тудырмайды. Әсіресе, Қанат 100% пайыз дайын болса.
- Ислам кәсіби шаршы алаңда жақсы өнер көрсетіп жүр. Алайда ол көзге көрінбей тұр, үлкен жекпе-жектердің ауылы алыс. Ол үшін не керек деп ойлайсыз?
- Оған ресурстары мен байланыстары бар промоутер қажет.
Аталған шара сағат 18:00 басталады деп жоспарланған. «Қазақстан» телеарнасында тікелей көрсетілім болады.