Бірінші орта салмақтағы Қанат Ислам WBA рейтингінде бір сатыға көтеріліп, бірінші орынға жайғасты.
Ал бірінші ауыр салмақтағы отандасымыз Иса Ақбербаев (19-0-0,12 КО) және жартылай орта салмақтағы Жанқош Тұраров (22-0-0, 15 КО) 10-орыннан көрінді. Соңғы жекпе-жегінде жеңіліс тапқан жеңіл салмақтағы отандасымыз Жанат Жақиянов (27-2-0, 18 КО) болса 5- орынға жайғасты.
Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні өткізіп, канадалық Брэндон Кукты 9-раундта нокаутпен жеңді. Ол WBA Inter-Continental және WBO NABO белдіктерін сәтті қорғап қалды.