Бірінші орта салмақтағы Ислам осы жылғы мамырдан бастап алтыншы орында болған. Енді WBA желтоқсандық рейтингінде бір сатыға жоғарылады. Қазақстандықтың есебінде 19 айқас, бірде-бір рет жеңілмеген.
Қазіргі сәтте Қанат WBA Fedelatin белдігіне ие. Әлемнің белгілі кәсіби бокс жетекші менеджері Эло Хэймонмен келісімшарт жасасқан.