Қанат Ислам WBO рейтингінде екі орынға төмендеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) рейтингінің жаңартылған нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz">Sports.kz .

Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) бірінші орта салмақтағы ТОП-15-те екі орын жоғалтып, тоғызыншы орынға жайғасты. Алғашқы үштікте британдық Лиам Смит, аустралиялық Дэннис Хоган мен америкалық боксшы Джулиан Уильямс тұр.
Жеңіл салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Жанат Жақиянов мансабын аяқтайтыны туралы ресми жарияласа да, өз дивизионында 15-ші орында тұр.