Қанат Ислам WBO рейтингіндегі өз орнын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Барлық салмақ дәрежелері бойынша WBO нұсқасындағы боксшылардың тамыз айындағы рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық Қанат Ислам бірінші орта салмақ дәрежесі бойынша кестедегі жетінші орнын сақтап қалды. Рейтингтің бірінші бағанында Пуэрто-Рикодан келген Мигель Котто тұр. Қанаттың келесі қарсыласы Брэндон Кук 13-інші қатарға орналасқан.