Бұл туралы спортшының PR менеджері Берік Сұлтан өзінің Фейсбук парақшасында жазды.
«Құрметті жанкүйерлер, Алматы тұрғындары мен қонақтары! Ертең Алматы қаласында Розыбакиев көшесіндегі «MEGA ALMA-ATA»-ның 1 қабатында əлемге əйгілі UNDER ARMOUR спорттық дүкені ашылады. Ашылу құрметіне орай, Қанат Ислам сағат жанкүйерлерімен сол жерде жүздеседі. Суретке түсіп, қолтаңба алғыңыз келсе біз сіздерді күтеміз. 26 желтоқсан, сағат 19:00-де кездескенше», - деп жазды ол.
Естеріңізге сала кетейік, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйек күні елордамыз Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.