Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Спорт басқармасының басшысы Рүстем Байсейітов аталған шараның «Qazaqstan Jastar Fest» республикалық челлендж аясында өтетінін хабарлады.
«Алматы челленджді Нұр – Сұлтаннан қабылдады. Біз өзімізден кейін оны Қазақстанның батысындағы қалалардың біріне тапсырамыз»,- деді Рүстем Байсейітов.
Баспасөз мәслихатына қатысқан танымал кәсіби боксшы Қанат Ислам жастарды белсенділікке, салауатты өмір салтын қалыптастыруға шақырды.
«Біз қашанда жастарға қолдау көрсетеміз және көше спорты түрлерін дамытуға ықпал етеміз»,- деп атап өтті Қанат Ислам.
Almaty Urban Fest 7 қыркүйек таңғы сағат 10-00-де басталады. Спорттың мына түрлері бойынша іріктеу жарыстары өтеді: - Streetball 3х3 (жігіттер 2007-2004, жігіттер 2003-2001, жігіттер 2000-1996, қыздар 2және бұдан жоғары) - Workout (freestyle және base wars) - Armwrestling ( ерлер: 60, 70, 80, 90, 90 қоссайыс, оң және сол қолдар бойынша жеке абсолютті салмақ категориясы бойынша. Әйелдер: абсолюті салмақ категориясы)
- Кәсібилер арасында роликтер (агрессив инлайн) - Әуесқойлар мен кәсібилер арасында самокаттан жарыс (кик скутер) - Әуесқойлар мен кәсібилер арасында скейтбордтан жарыс - Әуесқойлар мен кәсібилер арасында ВМХ. - BMX Freestyle Show - Dance Battle All Styles 1х1 (Hip hop, Waacking, Dancehall, Breaking, House, Popping, Locking, Vogue)
8 қыркүйек күні супер финал өтеді. Басталуы: күндізгі сағат 12:00 Аяқталуы - 19:00. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі - 19:30.
Фестиваль кезінде мына спорт түрлері бойынша белсенділік танытуға болады:
- WKF Карате бойынша жаттығулар және көрсетілімдер; - Graffiti и Street art от Repas Workshop; - Қалалық тақырыптық квест; - Karaoke-Battle; - Арт-инсталляция, спорттық және шығармашылық шеберлік сабақтары; - Балалар белсенділігі.
16:12, 06 Қыркүйек 2019
Қанат Ислам жастарды Almaty Urban Fest-ке қатысуға шақырды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері, 7-8 қыркүйекте «Almaty Arena» спорт кешенінде қалалық Almaty Urban Fest спорт фестивалі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.