АСТАНА. ҚазАқпарат - Дәл қазір Алматы облысы Талдықорған қаласында, танымал боксшы Қанат Ислам өңірдегі өзінің жанкүйерлерімен кездесу үстінде деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған басқосуда ақсақалдар оған бата беріп, Жетісу жұртшылығы ат мінгізіп шапан жапты.
«Мені осылай құрметтеп жатқандарыңызға алғысым шексіз, маған деген ізгі пейілдеріңізге рахмет. Адам болған соң әлсіз жерлеріміз де бар, бірақ намысты қолдан бермеуге күш саламын. Мен сіздермен әруақытта біргемін. Алда көптеген сайыстар бар, бұйырса, сол жарыстарда қазақтың көк туын желбірете беруге тырысамын», - деді белгілі боксшы.
Автор: Бейсен Сұлтанұлы
Бейсен Сұлтан
Сұлтан Бейсен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын 2007 жылы "Жазушы" баспасында редактор болып бастаған. 2008 жылы "Ара" журналында, 2010-2011 жылы Алматы облысының "Талдықорған кеші" газетінде тілші, 2012 жылы "Талдықорған Севен" газетінде тілші болып жұмыс істеген. 2013 жылы сәуір айынан бастап "ҚазАқпарат" ХАА-нде Төте жазу редакциясында шығарушы редактор болып жұмысқа орналасқан