Қанат Исламның АҚШ-тағы титул үшін айқасын жанкүйерлер көре алады
19:19, 22 Ақпан 2022
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық боксшы Қанат Исламның (28-0, 22 КО) британдық Джимми Келлимен (25-2, 10 КО) орта салмақтағы WBO Global чемпиондық белбеуі үшін айқасын кім көрсететіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл жекпе-жек сенбі күні таңертең, 26 ақпанда Плант-Ситиде (АҚШ, Флорида штаты) өтеді. Қазақстанда оны тікелей эфирден «Хабар» телеарнасы көрсетеді. Басталуы Нұр-Сұлтан уақытымен 07:00-де.
Қанат Ислам соңғы айқасын 2021 жылдың ақпанында өткізді. Ол эквадорлық боксшы Джейсон Миндуды (14-6-1, 8 КО) жетінші раундта нокаутқа түсірді. Содан бері рингке шыққан жоқ.