Қанат Исламның АҚШ-тағы жекпе-жегін «Қазақстан» тікелей эфирден көрсетеді
10:59, 10 Қаңтар 2017
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі қазақстандық боксшы, бірінші орта салмақтағы WBA Fedelatin және WBO Inter-continental белбеулерінің иегері 32 жастағы Қанат Ислам (22-0, 18КО) өзінің келесі айқасын көктемнің басында АҚШ-та өткізеді.
Бүгін «Қазақстан кәсіби боксы» онлайн-басылымына алдағы бокс кездесуін тікелей эфирде отандық «Қазақстан» телеарнасы көрсетуді жоспарлап жатқаны белгілі болды.