Sports.kz сайты таратқан мәліметке сәйкес, 9 қыркүйек күні өтетін жекпе-жекте Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы IBF мен WBA-NABA бойынша Солтүстік Американың чемпионы Брэндон Кукпен кездеседі. Аталған боксшы кәсіби бокста 18 жекпе-жек өткізіп, 11-ін нокаутпен аяқтаған.
Айта кетейік, 21 маусым күні Астанада өткен баспасөз мәслиxатында Қанат Ислам келесі жекпе-жегін америкалық боксшы Джеймс Кирклендке қарсы өткізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеген болатын. Алайда сол кезде әлі нақты келісім болмаған.