Қанат Исламның келесі жекпе жегі қашан өтетіні белгілі болды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстандық кәсіби боксшы Қанат Ислам өзінің келесі жекпе-жегінің қашан өтетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жақында бізжарыстан соң Qazaq Promotions басшысымен бірге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдық. Бұл біз үшін үлкен мәртебе. Оның қолдауы біздің ынтамыздыарттыра түсері сөзсіз. Біздің тауда жүргенімізге он күн болды. Осында жарысқадайындалып жатырмыз. Келе жекпе-жек 26 қазанға жоспарланды. Оған жауапкершілік те үлкен. Осында АҚШ-тан менің бұрынғы промоутерім Нельсон Лопескелді. Сол кісінің арқасында мен кәсіпқой боксты біліп, таныдым. Америкадаәрдайым қолдап жүрді. Алматыда бақ сынағымыз келеді. Мақсатымыз – елімізді,әсем қаламыз бен оның табиғатын мақтанышпен таныту», - деді боксшы YouTube-тегіQazaq Promotion каналында жарияланған видеода.

Еске салакетейік, Қанат Ислам өзінің соңғыжекпе-жегін 5 шілдеде Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өткізгенболатын. Онда ол алғашқы раундтың 14 секундында доминикандық Хулио деХесусаны нокаутқа түсіріп, орта салмақта WBO International белбеуін жеңіп алған болатын.


Соңғы жаңалықтар