BoxRec таратқан мәлімет бойынша, боксшы алдағы айқасын 20 ақпанда өткізеді. Алайда оның қарсыласы кім болатыны әлі белгісіз.
Айта кетсек Қанат Ислам былтыр 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетуі керек еді. Алайда ол тұста Қанатқа қарсылас табылмаған. Қанат Исламның шаршы алаңға шықпағанына жылдан асып кетті.