«Қанат Исламның келесі айқасы Флорида штаты Майами қаласында 8 мамырда өтеді. Қарсыласының есімі жарыс алдында бір ай бұрын белгілі болады», - делінген хабарламада.
Кәсіби рингте Қанат Ислам барлығы 20 айқас өткізген. Барлық жекпе-жегінде жеңіске жетсе, 17-сі нокаутпен аяқталған. Боксшы бірінші орта салмақ (69 кг) санатында. WBA Fedelatin және WBA FideCaribe нұсқалары бойынша әлем чемпионы болып табылады.