Қанат Исламның келесі жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 27 мамыр күні «Қазақстан» мен «Kazsport» арналары Қанат Ислам (23-0, 19КО) мен Норберто Гонсалестің (23-8, 13КО) жекпе-жегін тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Kazsport» арнасының ресми сайтына сілтеме жасап.

«Біздің отандасымыз  бірінші орта салмақта WBO NABA және WBA Intercontinental титулы үшін айқасады. Бұл бокс кешіне өзге қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров та қатысады. Оның қарсыласы - мексикалық Густаво Гарибай (13-8-2, 5КО). Қазір боксшылар Майамиде орналасқан жаттықтыру базасында шеберліктерін шыңдау үстінде. Таяу күндері алдағы айқас туралы баспасөз мәслихаты өтеді», - делінген телеарнаның хабарламасында.