АҚШ-тың Флорида штатындағы Плант-Ситиде өтіп жатқан бокс кешінде отандасымыз 38 жастағы аргентиналық құрдасымен күш сынасуда. Дегенмен аргентиналықтың Қанат Исламға қарағанда кәсіпқой рингте өткізген жекпе-жектерінің де, жеңілістерінің де, нокаутпен аяқтаған жеңістерінің де саны көп.
Қанат Ислам 28 жекпе-жек өткізіп, оның 27-сінде жеңіске жетіп, біреуінде ғана жеңілген. Ал нокаутпен жеңген кездесулерінің саны – 22.
Хавьер Масьель осымен 52-інші жекпе-жегіне шықты. 51 айқастың 34-інде жеңіп, 17-сінде жеңілген. Нокаутпен сәтті аяқтаған кездесулердің саны – 23.