Boxrec.com сайтының мәліметі бойынша Ислам эквадорлық Джейсон Миндамен (14-3-1, 8 КО) кездеседі. Орта салмақтағы айқас 10 раундқа жоспарланған.
Еске сала кетейік, бастапқыда 36 жастағы қазақстандық боксшы ганалық спортшы Ободаи Саимен (35-3-1, 26 КО) жекпе-жек өткізуі керек еді.
Соңғы рет Қанат Ислам рингке 2019 жылдың қазан айында шыққан болатын, ол төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен намибиялық Уолтер Каутондоквуды (18-2, 17 КО) жетіп, орта салмақта WBO International чемпионы титулын сәтті қорғаған еді.