Қанат Момынов Павлодар облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасына басшы болды

Фото: Фото: Валерий Бугаев

Облыс әкімінің өкімімен Қанат Момынов Павлодар облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы болып тағайындалды. Кazinform бұл туралы Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қанат Алғабекұлы 1990 жылы туған. 2012 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтын «қаржы» мамандығы бойынша аяқтады.

Еңбек жолын 2007 жылы бағдарламашы болып бастап, кейін түрлі ұйымдарда бухгалтер болып жұмыс істеді.

2015-2022 жылдары Шымкент және Астана қалаларында мемлекеттік кірістер органдарында түрлі лауазымдарды атқарды – департамент басқармасының бас маманы, қаржылық бақылау инспекциясының бас ревизоры, мемлекеттік сатып алу бөлімінің бас маманы, тәуекелдер, аудит, аппеляция және құқықтарды қорғау басқармасының сарапшысы, аудит бөлімінің басшысы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарды.

2023 жылдың мамыр айынан осы тағайындауға дейін Қазақстандық қоғамдық даму институтының ішкі аудит қызметінің басшысы болды.