Қанат Омар Еуропадағы халықаралық фестивальда «күміс» еншіледі

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақын Қанат Омар жақында Бельгия мен Францияда өткен «Эмигранттық лира» атты халықаралық поэтикалық фестивальда күміс жүлде еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жазды.

Ол Австралия, Австрия, Венгрия, Германия, Израиль, Қазақстан, Қытай, Латвия, Молдова, Польша, Ресей, АҚШ, Украина, Финляндия жəне Чехия сияқты 15 елден авторлар қатысқан конкурстың қорытындысы бойынша екінші орынды иеленді.

«Бұл бəріміз үшін зор қуаныш! Мен Қанатты мақтан тұтамын жəне оған табыс, ең бастысы, өз жүрегінің қалауымен жүре беру үшін күш-қуат пен шығармашылық шабыт тілеймін! Ұлы далада ақындар əрқашан ұлықталған. Халық оларды құрметтеген. Билеушілер олардың сөзіне құлақ асқан, тағдырдың жазуымен ұлттық құндылықтарды сақтауға қабілетті жандарды қастерлей білген. Бұл өмірде лайықты тұлғалардың бəрі бірдей бағалана бермейді. Бір ғана зор жетістікпен тіпті де өлшенбейді…

Бұл - біз сақтауға тырысатын ұлы дәстүр. Біз - Президенттің Баспасөз қызметі,Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жəне «Қазақ әуендері» АҚ Қазақстанның дарындыавторының шетелдік фестивальға барып, Брюссель, Льеж, Париж сияқты əлемнің мəртебелісахналарынан өз өнерін көрсетуіне мүмкіндік туғыза алғанымызға қуаныштымыз.Қазақтың ұлы даласының дарынды перзенттері - Əміре Қашаубаевты, АлмасАлматовты, Димаш Құдайбергенді тыңдағандай, бағалағандай, оның да өнерінтыңдады, бағалады. Қанат халқының сенімін ақтады. Оның алдағы уақытта зоржетістіктерге жететініне сенемін және үлкен үміт артамын. Отанымыздың атынасқақтататын басқа да барша ақындарымыз бен жазушыларымыз, суретшілеріміз бенкинорежиссерлеріміз, əртістеріміз бен орындаушыларымыз осындай биіктерденкөріне берсін!»,- деп жазды БерікУәли.

Соңғы жаңалықтар