деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Біздің кездесуіміз өте нәтижелі болды деп есептеймін. Кездесуде біз АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастардың жайын сөз еттік. Біз екі ел арасындағы байланыстардың болашағы зор деп білеміз. АҚШ Қазақстан басшылығына Ауғанстандағы жағдайды тұрақтандыру ісіне қосып отырған үлесі үшін ризашылығын білдіреді. Қазақстан сонымен қатар ядролық қаруды таратпау жөнінен де АҚШ-тың жақсы әріптесі болып табылады. Мен сонымен қатар Мемлекеттік хатшыға Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жаһандық қауіпсіздік саммитіне қатысу үшін келесі жылдың сәуір айында АҚШ-қа сапар шегуі қажеттігін айттым. Аталмыш жиынға Қазақстаннан басқа да бірнеше мемлекеттің басшысы қатысады. Барак Обама Қазақстан Президентін ризашылықпен қарсы алады», деді АҚШ өкілі кездесуден соң журналистерге берген сұхбатында.
Сондай-ақ ол сөзінде Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалығына байланысты да тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп жатқандығын атап көрсетті. «Қорыта айтқанда, біз өте кең ауқымды мәселелер бойынша бірлесіп жұмыс істеудеміз. Біз қарым-қатынастарымыздың болашағына зор үмітпен қараймыз», деді Роберт Блейк.