Минскідегі кездесу барысында Қ.Саудабаев пен С.Мартынов екіжақты қатынастардың стратегиялық сипатын атап өтті және бұл сапар Қазақстан мен Беларус арасындағы байланыстарды нығайтуға өз үлесін қосатынына сенім білдірді.
Қ.Саудабаев Беларустың Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығына табандылықпен және дәйекті қолдау жасағаны үшін ризашылығын білдірді. Бұдан басқа, енді Ұйымның қазіргі төрағасы ретінде ресми Минскіге ЕҚЫҰ Саммитін өткізу идеясына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.