деп хабарлады сыртқы саясат ведомствосының баспасөз қызметінен.
Екіжақты ынтымақтастықтың ауқымды мәселелерін талқылаған әңгімелесуші тараптар, оның жоғары динамикасы мен тиімділігін атап көрсетті. Сондай-ақ, бүгінде беделді халықаралық құрылымдарға айналып отырған Шанхай ынтымақтастығы ұйымы мен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің аясындағы екі елдің өзара іс-қимыл мәселелерін сөз етті.
Екі елдің сыртқы саясат министрлері сондай-ақ, Қазақстан Президенті Н.Назарбев пен Қытай Төрағасы Ху Цзиньтаоның арасындағы дәстүрге айналған тұрақты кездесулер мен сапарлардың қазақстан-қытай ынтымақтастығына қуатты серпін беріп отырғанын ерекше атап өтті және өткен жылдың желтоқсан айында Астанада екі ел басшыларының арасында қол жеткізілген келісімдерді толық жүзеге асыруға бар күш-жігер салынатынын қуаттады.