Қанат Саудабаев Малайзия Сыртқы істер министрі Датук Анифа Аманмен телефон арқылы сөйлесті

АНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы -Сыртқы Істер министрі Қанат Саудабаев 27 қарашада Малайзия Сыртқы істер министрі Датук Анифа Аманмен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме барысында Д.Аман ЕҚЫҰ Саммитін табысты өткізуге тілек білдіріп, бұл секілді форумның Азия үшін аса маңызы барын атап өтті. Тараптар 2011 жылғы Қазақстанның Ислам конференциясы ұйымына төрағалығы ЕҚЫҰ мен ИКҰ арасындағы ықпалдастықты дамытуға, Шығыс пен Батыс аралығындағы диалогты бекітуге ықпал ететініне үміт білдірді. Министрлер сондай-ақ, қазақстандық-малайзиялық қарым-қатынастардың ахуалы мен даму болашағын талқыға салды.