Оның айтуынша, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының пайдасына «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-тың меншік құқығын түпкілікті ауыстырудың заңдық рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша акционерлердің құрамынан «АрселорМиттал Теміртауды» шығару бойынша келіссөз жүргізілді. Қазан айының соңында осы келіссөздердің қорытындысына орай Қазақстан Республикасының пайдасына аталған кәсіпорынға меншік құқығын беру шарттары туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл ақпаратты «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы растады. Қазіргі сәтте мәмілені түпкілікті заңды рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр және таяу уақытта бұл процесс аяқталады», - деді Қанат Шарлапаев.