Федерация жастар регбиін дамыту, әйелдер командаларына қолдау көрсету, спортты танымал ету және инфрақұрылымды құруды жоспарлап отыр.
Айта кетейік, регбиден Қазақстан әйелдер құрамасы әлемдік рейтингіде 19-орынға жайғасқан. Аталған құрама халықаралық турнирлерде сәтті өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрініп жүр.
Еске сала кетейік, бұған дейін әлем чемпионы Мерей Ақшалов Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы болғанын хабарлаған едік.