Қанат Шарлапаев қызметінен кетті
17:09, 25 Қыркүйек 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Ақорда Қанат Шарлапаевтың Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан кеткенін жазды.
- Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды, - делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұған дейін Тамара Дүйсенова лауазымынан босатылды.