Қанат Сләмнің нокауты Astana Arlans командасын жеңілістен құтқара алмады

None
ТАНА. 14 қараша. ҚазАқпарат - Astana Arlans қазақстандық командасының боксшылары Бокстың Дүниежүзілік сериясындағы (WSB) алғашқы кездесуін АҚШ-та «Los Angeles Matadors» (АҚШ) командасына қарсы өткізіп, 2:3 есебімен жол берді, деп хабарлайды жарыстың ресми сайты.

Қазақстандықтардың сапынан 54 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Хабибулла Исмаилов-Ахунов өзінің қарсыласы Раши Уорреннен жеңіліс тапса, 61 кг дейінгі салмақта Әділет Егізбеков америкалық боксшы Эрик Фаулерден басым түсті.

73 кг дейінгі салмақта шаршы алаңға шыққан отандасымыз Қанат Сләм жекпе-жек барысында Рассел Ламурды нокаутқа жіберіп, Астана Арландарын алға сүйреген болатын. Алайда қазақстандық команданың боксшылары Рамжон Ахмедов пен Досжан Оспанов қарсыластары Вячеслав Шабранский мен Хавьер Торрестің алдында тізе бүкті.

Astana Arlans командасы WSB аясындағы келесі кездесуін 18 қараша күні Астанада Milano Thunder боксшыларына қарсы өткізеді. Олар өз кезегінде алғашқы матчтарында үндістандық Mumbai Fighters командасынан басым түскен еді.