Қанат Тоқсейітов ҚР ІІМ Көліктегі ІІД бастығы болып тағайындалды

АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - ҚР Ішкі істер министрі Серік Баймағанбетовтің бұйрығымен полиция генерал-майоры Қанат Тоқсейітов Көліктегі Ішкі істер департаметінің бастығы болып тағайындалды,

деп хабарлайды көлік полициясының баспасөз қызметі.

Қанат Тауыпбекұлы Тоқсейітов 1987 жылдан бері ІІБ-де, 2008 жылдан і осы уақытқа дейін Көліктегі Орталық ІІД бастығының қызметін атқарғанын айта кету керек.