Канаверал ғарыш айлағынан ХҒС-ға «Endeavour» шатлын соңғы ұшыру жүзеге асырылды

АСТАНА. 16 мамыр. ҚазАқпарат - Канаверал ғарыш айлағынан (Флорида штаты) бағдарламалар тарихындағы соңғы «Endeavour» сан рет қолданылған «Спейс шаттл» ғарыш кемесін ұшыру жүзеге асырылды.

Оның Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) ұшырылуы АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша 08:56-да (Мәскеу уақытымен 16:56) жүзеге асырылды, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.

«Endeavour» экипаж командирі тәжірибелі астронавт Марк Келли болып табылады. Ғарыш кемесін ұшқыш Грэг Джонсон басқарады. Олармен бірге ХҒС-қа мамандар ретінде НАСА астронавтары Роберто Виттори, Дрю Фойстел, Майк Финк және Грэг Шамитов аттанатын болады. Соңғы үш ғарышкерге «Endeavour» Халықаралық ғарыш стансасындағы ұшу кезңнде ашық ғарышқа шығу міндеттері жүктелген.