Қандағарда 200 бомба жасауға жететін материалдар табылды

АСТАНА. Қарашаның 11-і. ҚазАқпарат - Ауғанстанның оңтүстігінде, Қандағарда жергілікті полиция мен НАТО әскерилері жарылғыш заттар жасауға арналған материалдардың үлкен қоймасын тапты,

 деп    хабарлайды  «Азаттық»  радиосы.

Сейсенбі күні   жергілікті  өкімет  хабарлағандай,     табылған  материалдар 200-дей      бомба жасауға жететін   екен.

Жарылғыштар  мен     пілтелер    жергілікті  тұрғындардың   сілтеуімен    тінту  жүргізілген  қоймадан  табылған.