Бұйрықтың жобасы осы жылдың 16 шілдесіне дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.
Құжат жалпыға бірдей белгіленген квота шеңберінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын алты жүзге дейін төмендету есебінен қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасын 600 адамға ұлғайтуды көздейді.
Өңірлік квоталарды өзгерту қажеттілігі еңбек күші тапшы өңірлерге (солтүстік өңірлерге) қоныс аударған қандастар санының артуына байланысты.
Бұйрық жобасымен толығырақ «Ашық НҚА» порталында сілтемесі бойынша танысуға болады.