Қандай да бір компания жанар-жағар май нарығына ықпал ету үшін оның үлесі 10 пайыздан кем болмауы керек

АЛМАТЫ. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қазақстанның жанар-жағармай нарығында делдалдар өте көп.

Бұл жайлы Алматыда өтіп жатқан «МұнайГазӨңдеу және мұнай химиясы саласындағы жаңа техникалар мен технологиялар» деп аталатын 4-ші халықаралық конференцияда айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Менің ойымша, жанар-жағар май нарығына ықпал ету үшін компанияның үлесі кемінде 10 пайыз болуы керек. Бұл шамамен 500 жанармай құю бекеті. Мұндай бағдарлама біздің сауда үйімізде де болған. Қаржылық мәселелерге байланысты ол азайды. Қазіргі таңда тек 170 жанармай құю бекеті ғана жұмыс жасап тұр. Ол бағаға ешқандай да әсер ете алмайды. Бүкіл әлемде бұл бизнесті шикізатты өңдеп өз өнімін ұсынатын көлбеу ықпалдасқан компаниялар ғана жүргізеді. Мәселен, ресейлік «Лукойл» мен қазақстандық «ПетроҚазақстан» сияқты компаниялар өз желісімен жұмыс жасауға әркеттенуде. Ал өзгелер - делдалдар. Бұларда қазір ешқандай жауапкершілік жоқ», - дейді «Mercury Service Company» компаниясының бас директоры Шухрат Данбай. Оның айтуынша, қазір ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі осы мәселемен айналысып жатыр. Болашақта мұнай өнімдерін бөлудің тәртібі өзгеріп, жекеменшік жанармай құю бекеттері ірі компаниялардың сауда желілеріне сатыла бастамақ.