Қандай ел әрі нақты қандай мұрағат орталығы қызығушылық туындататынын анықтау керек - М.Тәжин

АСТАНА. 25 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қандай ел әрі нақты қандай мұрағат орталығы қызығушылық туындататынын анықтау керек. Бүгін Ақордада өткен ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының үшінші отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин осылай деді.

«Қазақстандық ғалымдардың құжаттарды зерттеу саласын кеңейтіп, шетелдің мұрағат орталықтарында зерттеулерді жалғастыру қажеттігін ерекше назарға алу қажет. Қандай ел әрі нақты қандай мұрағат орталығы қызығушылық туындататынын анықтау керек», - деді ол. Сонымен қатар М. Тәжиннің атап өтуінше, басты міндет алынған материалдарды жүйелі өңдеу, байыту әрі сапалы сараптама жүргізу болуы тиіс. «Бұған таяуда қосылған зерттеу орталықтарының ресурстарын барынша қосу қажет. Бұл аталған бағдарламаны жүзеге асыру контексіндегі олардың жұмыстарын шоғырландыруға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.