«Әкімшілік-рәсімдік кодексте петиция беру және қараудың рәсімдері жеке қосымшамен реттеледі. Республикалық басқару нысаны, әкімшілік-аумақтық құрылым, шекараларды өзгерту, сот төрелігі, рақымшылық, ұлттық қауіпсіздік сияқты мәселелер бойынша петиция беру мүмкіндігі болмайды. Тақырыптар тізімі жарияланған заңда берілген, 17 тармақ бар. Ең басты новелла петицияны қарастыру шегі егер аудандық жерде қарастырылатын болса, онда 2,5 мың аудан халқының қолдауы қажет болады. Ал егер Үкімет тарапынан қаралу үшін 50 мыңнан астам қолдаушы болуы керек. Петицияны қарау барысында мемлекеттік орган бірқатар іс-шара жүргізеді, жұмыс тобын құрады. Қоғамдық талқылау жүргізеді», - деді вице-министр Орталық коммункациялар қызметіндегі брифингте.
Оның атап өтуінше, петиция бойынша шешімді мемлекеттік органның бірінші басшысы ғана бере алады.
«Шекті мәнге жетпеген петициялар үндеу ретінде Әкімшілік-рәсімдік кодекс бойынша қарастырылады», - деді Данияр Қадыров.
Вице-министрдің айтуынша, заң алғашқы ресми жарияланған күнінен 6 ай өткенде күшіне енеді, яғни 2024 жылғы 4 сәуірден бастап азаматтар «Е-Өтініш» ақпарат жүйесі арқылы онлайн петиция бере алады.
Интернеті жоқ қазақстандықтардың мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті органға жазбаша арыз жазып, жүгінуіне мүмкіндік бар.