48 ерікті азаматқа зерттеу жүргізген ғалымдардың қорытындысы - видео ойындар кеңістікте бағдар табуға, жадыны жаттықтыруға және стратегиялық жоспарлау кезінде пайдалы, деп хабарлайды newsru.com порталы.
«Видео ойындарының көмегімен мидың кейбір бөлімдерін жаттықтыруға болады», - деп түсіндірді Берлиндегі Макс Планк атындағы Адамды дамыту институтының өкілі Зимоне Кюн.
Ғалымдар магниттік-резонантық томографияның көмегімен тәжірибеге қатысушылардың ми көлемін бағалаған. Тәжірибе таң қалдырарлық нәтиже көрсетіп отыр: «Super Mario» ойнағандардың ми көлемі ұлғайған, оның оң жақ бөлігі өзгеріске ұшыраған. Мидың оң жағы кеңістікте бағдар табуға, жадыны жаттықтыруға және стратегиялық жоспарлауға жауап беретіні белгілі.
Кюн мен оның әріптестерінің пікірінше, видео ойындарды шизофрения, посттравматикалық стресс және Альцгеймер ауруы секілді психикалық сырқаттар кезінде пайдалануға болады.