Нобель сыйлығының иегері Даниэль Канеман мұндай жағдайда «Бірінші жүйе» немесе жылдам шешім деп атайды. Бұл «Екінші жүйеге», яғни, асықпай ойланып, сараланып қабылданған шешімге қарсы тұр.
«Түйсік дәлел болмағандықтан, табиғи емес және дәлелсіз дүние ретінде беделі төмен. Барлық нұсқаны саралап шешім қабылдау бізге дұрыс жауап табуға көмектеспей ме? Мамандардың айтуынша, олай болмауы да мүмкін. Біз білмегенімізбен, ми қазіргі жағдайды үнемі біздің бұрынғы оқиғаларымызға қатысты естеліктермізбен салыстырып отырады. Сол себепті кейде адамның түйсігі көп жылғы тәжірибенің нәтижесі болуы мүмкін» деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, егер адам өзінің таңдауына сенімді болса, онда түйсігіне сенгені жөн.