Кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың 227 қоғамдық қабылдау бөлмесі ашылды
00:23, 24 Қазан 2022
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде сайлаушылардың ұсыныс-тілектері қабылданады. Алғашқы күні қазақстандықтардан 100-ден астам өтініш келіп түскен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кандидаттың 4 мың сенімді өкілі 21 қазан мен 18 қараша аралығында қабылдау жүргізіп, сайлаушылардың ұсыныс-тілектерін жинайды.
Азаматтарды қабылдау жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.