Кандидат М.Елеусізов Бостандық ауданы тұрғындарымен кездесуде ПИК-тердің проблемаларын талқылады - Алматы

АЛМАТЫ. 12 наурыз. ҚазАқпарат - Еліміздегі әрбір үшінші үй жөндеу жұмыстарына мұқтаж. Бұл туралы сенбі күні Алматыда Бостандық ауданының тұрғындарымен және ПИК өкілдерімен болған кездесуде ҚР Президенттігіне кандидат,

«Табиғат» экологиялық одағының төрағасы Мэлс Елеусізов мәлім етті.

Кездесуде атап көрсетілгендей, тұрғын үй қорының 2 пайызы апатты жағдайда тұрған үйлер, олардың бәрі сүріліп тастауы керек. Қазірдің өзінде ондай үйлердегі жылу энергиясының шығыны орта есеппен -35 пайызға, судың шығыны - 32 пайызға жетіп отыр. Коммуналдық инфрақұрылымдардың 70 пайызы қазіргі таңда әбден ескірген және күрделі жөндеуге мұқтаж.

Өтіп жатқан кездесудің басты мақсаты - тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың проблемаларын талқылау екенін атап көрсеткен М.Елеусізов, 2011 жылдың 1 қаңтарында күшіне енген Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту бағдарламасы коммуналдық және тұрғын үй шаруашылығындағы проблемаларды шешуге арналғанын еске салды.