Кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмол ауылындағы сайлаушылармен кездесті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақмола облысы Целиноград ауданы Ақмол ауылына барып, сайлаушылармен кездесті. Бұл туралы кандидат өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кездесу барысында кандидат өз бағдарламасы туралы айтып, халықтың сұрақтарына жауап берді.

Бұған дейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партия атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтөбедегі проблемалық тұрғын үй алаптары бойынша рейдке қатысқанын хабарлаған едік.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.