«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» күре жолы автокөліктің барлық түрі үшін жабылды
18:57, 04 Сәуір 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» күре жолында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс тоқтатылды, деп хабарланды ҚР ІІМ ТЖК сайтында.
"Ақтөбе облысында жер қабатының қатты ылғалдануы салдарынан республикалық маңыздағы «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» (200-220 км) а/ж учаскесі автокөліктің барлық түрі үшін жабылды", - делінген хабарламада.