Креативті қазақстандықтар Құрылтай сайлауына ерекше дайындалды. Көшілер жиналып, ақ жаулықты әжелер бір сәтте таңдауын жасады. Енді бірі сайлау учаскесіне көк тракторға мініп барды.
БҚО Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылдық кітапханасындағы № 43 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасаған тұрғын көптің қызығушылығын туғызды. Дәмет Өтегенова кішкентайынан еңбек етіп, ұзақ жылдар бойы ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеген. Бір кездері аудандық мәслихат депутаты болған зейнеткер еліміздің қоғамдық-саяси өмірінде тағы да белсенділігін танытты.
Ал Солтүстік Қазақстанда қалыңдық көйлегін киген тұрғындар дауыс беруге бірге барды.
Сонымен бірге осы облыстағы Жамбыл ауданы Пресновка ауылындағы № 164 сайлау учаскесіне «Арман-ай» вокалдық тобының мүшелері де өз таңдауын жасады.
— Біз сайлауға барлығымыз бірге келейік деп шештік. Бұл — біз үшін маңызды әрі тарихи күн. Бүгін біз алғаш рет бір палаталы Құрылтай депутаттарын сайлап жатырмыз, — деді топ жетекшісі Айнагүл Сарымсақова.