Канье Уэстің Алматыдағы концерті тыныш өтті — полиция

АСТАНА. KAZINFORM — Алматыда америкалық рэпер Канье Уэстің ауқымды концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігі күшейтілген режимде қамтамасыз етілді.

Фото: Кәмшат Әбдірайым/Kazinform

Полицияның хабарлауынша, іс-шара өтетін аумақта, халық көп жиналатын орындарда және қаланың негізгі көлік магистральдарында полиция қызметкерлері мен Ұлттық ұланның әскери қызметшілері жұмылдырылды.

Құқық қорғау органдары жол қозғалысын ұйымдастыруға, көлік кептелістерінің алдын алуға, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіз жүріп-тұруын қамтамасыз етуге ерекше назар аударды.

Барлық жұмылдырылған бөлімшелердің үйлесімді жұмысының арқасында концерт тыныш, оқиғасыз және штаттық режимде өтті.

— Біздің басты міндетіміз — қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен бірлесіп, қоғамдық тәртіп пен жол жағдайын бақылауда ұстады. Барлық қызметтің үйлесімді жұмысының арқасында концерт тыныш әрі оқиғасыз, штаттық режимде өтті. Алматы тұрғындары мен қонақтарына тәртіп сақтап, түсіністік танытып, белгіленген талаптарды орындағаны үшін алғыс білдіремін. Мұндай ауқымды іс-шаралардағы қауіпсіздік — құқық қорғау органдары мен азаматтардың бірлескен жұмысының нәтижесі, — деді Алматы полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов.

Еске салайық, бұған дейін Канье Уэстің Алматыдағы концерті қалай өткені жайлы жазғанбыз.