«Канело» әлемдегі үздік 5 былғары қолғап шеберінің есімін атады

АСТАНА. KAZINFORM — Мексикалық танымал кәсіпқой боксшы Сауль Альварес (63-3-2, 39 КО) салмақ дәрежесіне қарамастан (P4P) қазіргі таңдағы әлемнің ең үздік 5 боксшысын атады, деп хабарлайды INFORMSPORTS .

Фото: Sports.kz

Ол бұл тізімге өзін қоспаған және бірінші орынға ауыр салмақтағы замандасы Александр Усикті жайғастырған.

«Канело» DAZN Boxing арнасына берген сұхбатында жариялаған үздік бестіктің тізімі төмендегідей:

№Боксшының аты-жөніСалмақ дәрежесі мен басты жетістіктері
🥇 1Александр Усик (Украина)Ауыр және бірінші ауыр салмақтағы бұрынғы абсолютті әлем чемпионы
🥈 2Наоя Иноуэ (Жапония)Төрт дивизионның әлем чемпионы, екі салмақта абсолютті чемпион
🥉 3Дмитрий Бивол (Ресей)Жартылай ауыр салмақтағы WBA чемпионы (Альваресті 2022 жылы жеңген боксшы)
🏅 4Шакур Стивенсон (АҚШ)Жеңіл салмақтағы WBC белбеуінің иегері, жеңілмеген боксшы
🏅 5Джервонта «Танк» Дэвис (АҚШ)Жеңіл салмақтағы WBA чемпионы, жойқын нокауттар шебері

Айта кетерлігі, Сауль Альварестің өзі алдағы 31 қазанда екінші орта салмақтағы WBC белбеуінің иегері Кристиан Мбиллимен жекпе-жекке шығып, рингке қайта оралады. Ол бұған дейін 2025 жылдың қыркүйегінде Лас-Вегаста америкалық Теренс Кроуфордтан ұпай санымен жеңіліп қалған еді.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Жәнібек Әлімханұлы мен Якоб Банк әлем чемпионы белбеуі үшін жұдырықтасуға келіскен еді.