«Басымнан өткен сол бір оқиғадан кейін сақтық шараларын мықтап қолға алдым. Шынымен де, барынша абайлап әрекет етемін. Мен бұл орайда тым шектен шыққан сияқтымын»,-дейді «Канело».
Еске сала кетейік, Альварестің жарыстан шеттетілу мерзімі 17 тамызда аяқталған болатын. Енді ол 15 қыркүйек күні рингке қайта оралып, Геннадий Головкинмен қарымта жекпе-жекке шығады. Олардың алғашқы кездесуі өткен жылы Лас Вегаста даулы жағдайда тең аяқталған болатын.