«Головкиннің командасы неліктен мен туралы ұнамсыз пікір білдіріп жатқанын білмеймін. Бәлкім, оған арамыздағы бәсекелестік себеп шығар. Бірақ, олар тым артық кетті деп ойлаймын. Жекпе-жекті қымбатқа сату үшін шектен шықты... Абель Санчестің сөздері мені қызықтырмайды. Бұл жолғы жекпе-жек бұрынғыға қарағанда жеке айқас болады. Біздің бір-бірімізге деген аздаған құрметіміз де жоғалды. Мен осыны мотивация ретінде пайдаланамын», - дейді боксшы Worldboxingnews.net басылымына берген сұхбатында.
Головкин мен Альварестің екінші жекпе-жегі Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да 15 қыркүйекте болады.