«Канело» тарапы Сергей Деревянченко өкілдерімен міндеттіайқас өткізу туралы келісімге қол жеткізе алмаған. Бұл тураы The Athleticинсайдері Майк Коппинджер Туиттерде хабарлады:
«Дереккөздер «Канело» мен Деревянченко арасында келіссөзболмағанын хабарлады. Альварес IBF титулынан күндізгі сағат үштен кейінайырылды. Дедлайн уақыты өтіп кетті. Тараптар ақшаға келісе алмады», - депжазды ол.
Енді IBF Деревянченко мен Геннадий Головкин арасында бос тұрған белбеу үшін айқастағайындайды. GGG рейтинг бойынша келесі үміткер саналады. Дереккөздергесәйкес, олардың келіссөздері ойдағыдай өтпек.