«Канело» Головкинді қалай нокаутқа жібереді - америкалық боксшының болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық боксшы Джозеф Диас (26-0, 14 КО) Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) мен Сауль Альварестің (49-1-2, 34 КО) алдағы реваншына қатысты пікір білдіре отырып, олардың шаршы алаңғы киіп шығатын киімдеріне назар аударды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Канело» Головкинді нокаутпен жеңеді деп ойлаймын. Егер «Канело» алғашқы жекпе-жектегідей Winning он унциялық қолғабымен жұдырықтасып, корпустан жиі соққы берсе, GGG-ді жетінші немесе сегізінші раундта нокаутқа жіберуі мүмкін», - деді Диас.

Айта кетейік, Головкин - Альварес реваншы 5 мамырда Лас-Вегаста өтеді. Олардың алғашқы айқасы 2017 жылдың 16 қыркүйегінде сол жерде болып, даулы тең нәтижемен аяқталды.