Еске сала кетсек, 15 қыркүйек күні Альварес қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкинді ұтып кеткен еді. Бұл қос боксшы үшін де HBO тележүйесімен келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек болатын.
Кеше белгілі болғандай, 2019 жылдан бастап HBO бокс кездесулерін көрсетуді тоқтатады. Осылайша, 45 жылға созылған телеарнадағы «бокс дәуірі» аяқталады.
Сауль келесі жекпе-жегін 15 желтоқсанда өткізуді жоспарлап отыр.
«Жаңа ғана Эрик Гомеспен хабарластым. Оның айтуынша, HBO 15 желтоқсан күні «Канелоның» PPV жекпе-жегін ұйымдастыруға әзір. Алайда боксшы мен Оскар де ла Хойя мұндай мүмкіндікті талқылаған жоқ. Эрик Гоместің сөзіне сәйкес, оған Эдди Хирн мен Тодд дюБёф хабарласып, «Канелоны» тиісінше DAZN мен ESPN-ге шақыруға қызығушылық білдірген екен», - деп жазды Пагмайр Твиттерде.