– Мен үшін тағы төрт жекпе-жек - қалыпты. Үш-төрт айқас өткізуге дайынмын. Мен еркін агентпін, сондықтан үздік жекпе-жектерге қатысқым келеді, - деді Альварес.
Сондай-ақ «Канело» орта салмақтағы IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкинмен үшінші жекпе-жек өткізу мүмкіндігін де бағалады.
- Мен Головкинмен жұдырықтасқым келеді. Егер ол супер орта салмаққа ауысуға дайын болса, мен де дайынмын. Әрқашан. Абсолютті чемпион болу оңай емес. Мықтылармен айқасуға әрқашан дайынмын, – деп қосты ол.
Саулдың Головкинмен 2017 жылдың қыркүйегіндегі алғашқы жекпе-жегі тең аяқталды. Тура бір жылдан кейін өткен қарымта кездесуде мексикалық төрешілердің басым бөлігінің шешімімен жеңіске жетті.
Альварес Плантты 11-ші раундта жеңіп, супер орта салмақ тарихындағы алғашқы әлем чемпионы атанды.