«Головкиннің бірінші ауыр салмақтағы боксшы Мұрат Гассиевпен түскен суреттерінің бірінде, екеуінің ірілігі бірдей сияқты көрінеді. Канело бұл айқаста жылдамдықты күшейтуі қажет. Канело үшін алаңдаймын. Ол GGG-нің ауырлығын джебті пайдаланып, ұстасып, қашықтықты ұстап, ұрып және қашып жүріп жеңе алады», - деп жазды сайт.
Головкин - Альварес жекпе-жегі 16 қыркүйекте Лас-Вегаста T-Mobile Arenaсында өтеді.